Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының тұрғынынан 260-тан астам оқ-дәрі тәркіленді

Түркістан облысының тұрғынынан 260-тан астам оқ-дәрі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Созақ ауданынан заңсыз оқ-дәрілерді анықтады.

Нақтырақ айтсақ, жедел уәкілдерге жергілікті тұрғындардың бірі үйінде патрондарды заңсыз сақтайтыны туралы ақпарат келіп түсті. Бұл бойынша жан-жақты жұмыс атқарған полиция қызметкерлері тез арада күдіктінің мекенжайын анықтады.

Аталған мекенжайға тінту жүргізу кезінде ауыл тұрғынының үйіндегі түрлі калибрлі 260-тан астам заңсыз сақталған оқ-дәрі тәркіледі. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді.

Осы жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп және оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру