Қызылордада шетелдіктердің келгені туралы ІІО-ға хабарлау тәртібі түсіндірілді
24 наурызда «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлермен Қызылорда облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының және ҚР ҰҚКД қызметкерлерінің қатысуымен өзге мемлекеттерден уақытша келген шетел азаматтарын қабылдаушы жеке және заңды тұлғалар «eQonak.kz» ақпараттық жүйесін ІІО-ға хабардар ету үшін түсіндірме жұмыстары бойынша дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шара барысында өзге мемлекеттерден уақытша келген шетел азаматтарын қабылдаушы жеке және заңды тұлғалар ҚР халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес ІІО-ға хабардар етуге міндеттелгені туралы айтылды. Жалпы, жыл басынан облыс аумағына түрлі мақсаттармен келген шетелдіктер туралы 3400 хабарлама берілген.
Уақытша және тұрақты тіркелген шетелдіктердің жүріп-тұруын қадағалау және шетел азаматтарын жеңілдетілген түрде тіркеу үшін Мәдениет және Спорт министрлігі мен ҚР ІІМ «eQonak.kz» ақпараттық жүйесі қарастырылып, қолданысқа енгізілген.
– Құрметті кәсіпкерлер мен қонақ үй иелері! Өзге мемлекеттерден келген шетел азаматтарын заңда көрсетілген 3 күн мерзімде «eQonak.kz» және «egov» электронды үкімет порталы ішінде көші-қон визалық порталы ақпараттық жүйесі арқылы қабылдаушы тарап өздерінің электронды цифрлық кілті арқылы ішкі істер органдарын хабардар ету керектігі айтылды. Осы ретте, көші-қон заңнамасын бұзбай, жоғарыда аталған талаптарды көрсетілген мерзімде орындағандарыңыз абзал. Егер аталған заң талаптарын орындамай уақытылы хабарлама бермеген жағдайда Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 518-бабының талаптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгендігін хабарлаймыз, – дейді полицейлер.