Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада шетелдіктердің келгені туралы ІІО-ға хабарлау тәртібі түсіндірілді

24 наурызда “Атамекен” Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлермен Қызылорда облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының және ҚР ҰҚКД қызметкерлерінің қатысуымен өзге мемлекеттерден уақытша келген шетел азаматтарын қабылдаушы жеке және заңды тұлғалар “eQonak.kz” ақпараттық жүйесін ІІО-ға хабардар ету үшін түсіндірме жұмыстары бойынша дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шара барысында өзге мемлекеттерден уақытша келген шетел азаматтарын қабылдаушы жеке және заңды тұлғалар ҚР халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес ІІО-ға хабардар етуге міндеттелгені туралы айтылды. Жалпы, жыл басынан облыс аумағына түрлі мақсаттармен келген шетелдіктер туралы 3400 хабарлама берілген.

Уақытша және тұрақты тіркелген шетелдіктердің жүріп-тұруын қадағалау және шетел азаматтарын жеңілдетілген түрде тіркеу үшін Мәдениет және Спорт министрлігі мен ҚР ІІМ “eQonak.kz” ақпараттық жүйесі қарастырылып, қолданысқа енгізілген.

– ​Құрметті кәсіпкерлер мен қонақ үй иелері! Өзге мемлекеттерден келген шетел азаматтарын заңда көрсетілген 3 күн мерзімде “eQonak.kz” және “egov” электронды үкімет порталы ішінде көші-қон визалық порталы ақпараттық жүйесі арқылы қабылдаушы тарап өздерінің электронды цифрлық кілті арқылы ішкі істер органдарын хабардар ету керектігі айтылды. Осы ретте, көші-қон заңнамасын бұзбай, жоғарыда аталған талаптарды көрсетілген мерзімде орындағандарыңыз абзал. Егер аталған заң талаптарын орындамай уақытылы хабарлама бермеген жағдайда Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 518-бабының талаптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгендігін хабарлаймыз, – дейді полицейлер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру