Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Халықаралық әуерейсінің жолаушысы діни мазмұндағы 77 кітапты алып өтпекші болған

Халықаралық әуерейсінің жолаушысы діни мазмұндағы 77 кітапты алып өтпекші болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қаласының әуежайында Ыстамбұл – Түркістан халықаралық рейсінің ұшып келуімен тексеруден өту кезінде Түркістан облысының 38 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Тексеру кезінде одан діни мазмұндағы 77 кітап анықталып, тәркіленді.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігі 3-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, оған 50 айлық есептік көрсеткіш (172 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

– «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңының 9-бабының 3-бөлігіне сәйкес әр атаудың бір данасындағы жеке пайдалануға арналғандарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды әкелуді дінтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін тіркелген діни бірлестіктер ғана жүзеге асыратынын еске саламыз, – деді көліктегі ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Әлімов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру