Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда екі ай ішінде ЖҚЕ бұзудың 50 мыңға жуық дерегі тіркелді

Алматыда екі ай ішінде ЖҚЕ бұзудың 50 мыңға жуық дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының әкімшілік полициясы хабарлағандай, 2023 жылдың 2 айында алдыңғы саптық бөлімшелердің қызметкерлері қала жолдарында ҚР ЖҚЕ бұзудың 49 мың 507 дерегін анықтады. Автоматты режимде жұмыс істеп тұрған бақылау-өлшеу техникалық құрылғылары мен құралдары арқылы 127 мың 856 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тіркелді.

– Айта кету керек, 9 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі шетелде тіркелген автокөлік жүргізушілерімен, яғни көршілес мемлекеттердің мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар көлік жүргізушілері тарапынан жасалған. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 26 млн теңгеден асады. Бұрын хабарланғандай, «Қорғау – Қауіпті жүргізуші» автоматтандырылған жүйесі мен саптағы полиция бөлімшелері осыған ұқсас құқық бұзушылықтарды анықтауға барынша жұмылдырылған. Біздің міндетіміз – мұндай деректердің алдын алу және осындай сұмдық тәжірибені жою, – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Сондай-ақ спикер, тәулігіне 800 мыңнан астам көлік жүретін ірі қалада «Қорғау – Қауіпті жүргізуші»  жүйесі өзінің тиімділігін көрсеткенін атап өтті.

Ол жалған нөмірлерді пайдаланатын жүргізушілерді, жарыс ұйымдастырып, көлікті агрессивті жүргізуге жол бергендерді, сондай-ақ, жол қозғалысы ережелерін елемейтін жол қозғалысына қатысушыларды анықтауға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру