Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы бойынша ҚАЖД қызметкерлері 27 сотталғанға заңгерлік көмек көрсетті

Алматы бойынша ҚАЖД қызметкерлері 27 сотталғанға заңгерлік көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Бостандық аудандық пробация қызметінің бақылауына 254 сотталған тіркелген.

Пробация қызметінің инспекторлары сотталғандардың әлеуметтік бейімделуі бойынша жұмысты арнайы бағдарлама бойынша жүргізеді.

Сонымен қатар бағдарламаны жүзеге асырудан тыс сотталғандардан көмек көрсету туралы келіп түскен өтініштер де жауапсыз қалмайды. Олардың мемлекеттік органдардан көмек алуына пробация қызметкерлері атсалысады. Сотталған адамның алған білімін, тағы да басқа мәліметтерді растайтын құжаттардың болмауы сотталған тұлғалардың қоғамға бейімделуіне айтарлықтай қиындық тудыратыны сөзсіз.

Осыған орай жыл басынан бері Бостандық ауданы пробациялық бақылау бөлімінің қызметкерлері 27 сотталғанға заңгерлік көмек көрсетті. Болашақта, мемлекеттік органдар арасындағы электронды құжаттар айналымын пайдалануға және мәлімет базаларын біріктіруге байланысты көмек көрсету мерзімдері едәуір қысқармақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру