Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық ҚАЖД-ға қарасты балалар колониясындағы жасөспірімдерге сертификат табысталды

Алматылық ҚАЖД-ға қарасты балалар колониясындағы жасөспірімдерге оқуды аяқтағаны үшін сертификат табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты балалар колониясында жүйелі тәрбиелік жұмыстармен қатар, жазалы жасөспірімдерге әртүрлі мамандық бойынша білім беру жүзеге асырылады. Мысалы №11 мекемесі аумағында “№ 2 кәсіптік-техникалық мектебі” мемлекеттік мекемесі жұмыс істейді. Қазіргі таңда кәсіптік-техникалық мектепте “Құрылыс ағаш ұстасы”, “Механикалық-құрастыру жұмыстарының слесарі”, “Металл жонушы” мамандығы бойынша 36 бала оқиды. Жуырда металл жонушы мамандығын алған түлектерге оқуды аяқтағаны туралы мемлекеттік үлгідегі сертификат берілді.

Олардың арасында 7 жазасын өтеуші 2 разрядты біліктілік бойынша мемлекеттік үлгідегі сертификат алды. Кәсіптік-техникалық мектептің, оқу кезеңі тәулігіне үш сағаттан аспайды, өндірістік практика кәсіптік-техникалық мектеп цехтарында өткізіледі.

Сотталған балаларға сертификат тапсыру салтанатына Кәсіптік-техникалық мектеп директорының міндетін атқарушы Ж.Қасымов және мекеменің аға инспекторы Т.Ниязамова қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру