СҚО полицейлері мас күйде жасалатын қылмыстың саны азайғанын айтты
СҚО полицейлері мас күйде жасалатын қылмыстың саны азайғанын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішімдік – кенеттен жасалған қылмыстың негізгі факторларының бірі. Оның салдары – төбелес, пышақтау, тонауға әкеліп соғады. Көбінесе мас күйде ұрлық жасалады. Бірлескен отырыстан кейін, өз-өзіне келген «қонақжай» иелері ішімдік ішушілермен бірге құнды заттардың — әдетте телефондар немесе ақшаның жоғалып кеткенін анықтайды.
СҚО-да жыл басынан бері мұндай 36 факті тіркелген. Облыста қаңтар айынан бастап барлығы 105 алкогольдік және үш есірткілік мас күйінде қылмыс жасалды. Бұл санның ішіне бес кісі өлтіру дерегі, 15 ауыр және 9 орташа денсаулыққа зиян келтіру, алты тонау қылмысы кіреді.
– Криминогендік жағдайды сауықтыру мас күйіндегі қылмыстардың алдын алу жұмыстарымен тікелей байланысты. Бұл жұмысты учаскелік полиция инспекторлары кең ауқымды шараларда жүргізіп жатыр. Жыл басынан бері қоғамдық орындарда ішімдік ішудің немесе мас күйінде пайда болудың 2611 фактісі анықталды. Ішімдікке тәуелділіктен зардап шегетін 50-ден астам солтүстікқазақстандық мәжбүрлеп емдеуге жіберілді. Айта кетерлік жайт, учаскелік инспекторлар халықпен кездесулерде емделуге жіберу ережелерін түсіндіреді. Сондай-ақ олар отбасылық жанжалдардың, алкогольге қарсы заңнаманы бұзудың алдын алады. Жыл басынан бері УПИ қызметінің қызметкерлері алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптардың 18 бұзушылығын және алкогольді заңсыз сатудың 68 фактісін тоқтатты, заңсыз айналымнан 2389 литр алкоголь тәркіленді, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.
Айдын Байматовтың айтуынша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мас күйіндегі қылмыстар санының 19,4%-ға төмендеуі байқалды. Осы бағыттағы дәйекті жұмыс облыстық ПД басшылығының тұрақты бақылауында.