Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан бері петропавлдықтар “102” мобильді қосымшасына 38 рет жүгінді

Жыл басынан бері петропавлдықтар “102” мобильді қосымшасына 38 рет жүгінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл тұрғындарын жол қозғалысы ережелерін бұзу алаңдатады. Мұндай тұжырымды “102” мобильді қосымшасы арқылы полицияға жүгіну статистикасына қарап жасауға болады. Ең көп таралған мәселе – автокөлікті дұрыс тұрақтамау және басқа да жол қозғалысы ережелерін бұзу.

Мысалы, 19 жастағы автокөлік жүргізушісі Бостандық көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағына өзінің Lexus көлігін қойған. “102” қосымшасына келіп түскен хабарлама бойынша ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алтынсарин көшесіндегі тротуарда тұрған Nissan иесі де, Интернационал көшесіндегі ойын алаңында қалдырған Lada автокөлігінің иесі де жазаланды.

Петропавл қаласы ПБ басшылығы атап өткендей, әрбір хабарлама дереу тіркеледі, мұқият тексеріледі, тексеру нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады. Ол туралы пайдаланушыға хабарланады. “102” қосымшасы полициямен көпарналы байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Кез келген қылмыс пен құқық бұзушылық туралы мәтіндік немесе дауыстық хабарлама түрінде хабарлауға, аудио немесе бейнеқоңырау шалуға, фотосурет немесе бейнежазба беруге болады.

Тәжірибе көрсеткендей, петропавлдықтар мәтіндік хабарламаларға артықшылық береді. Жыл басынан бері қосымша арқылы 38 өтініш қабылданды, оның 30-ы жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша келген хабарлама.

Сондай-ақ түнде тыныштықты бұзу бойынша бес өтініш, өзге мәселелер бойынша үш өтініш тіркелді. “102” қосымшасы — полиция қызметтерінің қолжетімділігін арттыратын көпфункционалды құрал.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру