Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында сотталғандарға түсіндірме жұмысы жүргізілді

Қызылорда облысында сотталғандарға түсіндірме жұмысы жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесіне сот үкімімен жыл басынан 70-тен астам сотталған жаза мерзімін өтеуге жіберілген. Мекемеге қабылданған сотталғандар 15 тәулікке дейін карантин бөлімінде болады.

Сотталғанның мекеменің карантин бөлімшесінде болуы мінез-құлқының негізгі ерекшеліктерін, психологиялық ерекшеліктерін зерттеу, жалпы білім деңгейін анықтау, сотталғанның жаза өтеу тәртібі мен шарттарымен танысуы, сондай-ақ денсаулық жағдайын тексеру және санитарлық-гигиеналық шараларды өткізу үшін пайдаланылады. Мекеменің қызмет салалары сотталғандарды қабылдап, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Осы карантин бөліміндегі сотталғандарды мекеменің арнайы есепке алу бөлімінің бастығы Н. Молдағалиқызы қабылдап, жеке істері бойынша сұрақтарына жауап беріп, жаза өтеудің тәртібі мен шарттары туралы түсіндірді.

– Жаза басып жаңылып, сотты болдым. Жаза мерзімімді өтеуге осы мекемеге жіберілдім. Мекеме қызметкерлерінің жеке қабылдауы барысында сұрақтарыма жауап алып, ішкі тәртіп пен рұқсат етілген сәлем-сауқат туралы толық ақпарат алдым. Карантин режимінде толық тексерістен өтіп, енді белгіленген жасаққа аттанғалы отырмын. Қылмыстың өтеуі – жаза. Жасаған ағаттығым үшін өкінемін, – деді Р. есітді сотталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру