Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда есірткінің заңсыз айналымына байланысты 80 дерек тіркелді

Маңғыстауда жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына байланысты 80 дерек тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы ПД есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жыл басынан бері есірткіге қарсы 80 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, 20 есірткі қылмысы тіркелді. Сонымен қатар өңір аумағына синтетикалық есірткі тасымалдаған үш арнаға тосқауыл қойылды. Есірткіні шағын және ірі көлемде сақтауға байланысты 60 есірткі қылмысы ашылды.

Тәртіп сақшыларымен заңсыз айналымнан жалпы салмағы 65 келіні құрайтын есірткі заттары тәркіленіп алынды. Атап айтқанда, 62,2 келі марихуана есірткі заты, екі келі синтетикалық есірткі заты және 680 грамм гашиш пен 121 грамм апиын.

Нашақорлық пен есірткі қылмыстарының алдын алу мақсатында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде өткізіледі. Осы бағытта 32 профилактикалық іс-шарар ұйымдастырылып, 255 граффити жазуы жойылды. Бұдан бөлек, есірткі мен олардың аналогтарын жарнамалайтын және сатумен айналысатын 25 ғаламтор сайты бұғатталды.

Маңғыстау облысы ПД ЕҚҚІҚБ өңір тұрғындары мен қонақтарына, дәріхана иелері мен өзге де медициналық мекемелерге Этизолам, Трамадол, Кетамин дәрілік препараттарының психотроптық заттардың тізіміне енгізілгендігін қатаң түрде ескертеді. Аталған препараттарды лицензиясыз сақтау және сату қылмыстық жауапкершілікпен көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру