Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде кәмелетке толмаған бала көлік тізгіндеген

Ақтөбеде кәмелетке толмаған бала көлік тізгіндеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 сәуірде Бөгенбай батыр көшесінде полиция қызметкерлері «Жолдағы балалардың қауіпсіздігі» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында жол ережесін бұзғаны үшін Ваз-2199 автокөлігін тоқтатты. Автокөлікті көлік құралын басқаруға құқығы жоқ кәмелетке толмаған бала басқарған.

17 жастағы кәмелетке толмаған баланың ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігі бойынша (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, профилактикалық әңгімелесу жүргізілді. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Полиция департаменті ата-аналарды кәмелетке толмаған балаларының мінез-құлқын бақылауға және олардың көлік құралдарын басқаруына жол бермеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру