Маңғыстауда жыл басынан бері 1500-ге жуық тыныштықты бұзу дерегі тіркелді
Маңғыстауда жыл басынан бері 1500-ге жуық тыныштықты бұзу дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Учаскелік полиция – құқық бұзушылықтардың алдын алудың жалпы жүйесіндегі негізгі буын. Учаскелік инспекторлар азаматтардың құқықтарын қорғау, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, құқықтық тәртіп пен қоршаған ортаны қорғау, аумақтарды абаттандыру және басқа да мәселелерге қатысады.
Осы жылдың үш айлық көрсеткішіне сүйенсек, өңірімізде жыл басынан бері учаскелік полицейлермен ҚР ӘҚБтК-тің 408-бабы бойынша 78 дерек тіркелді. Сонымен қатар осы кодекстің 438-бабы, яғни арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақырғандығы үшін 31 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 82 тұлға әртүрлі ұсақ құқық бұзушылықтарға жол берген. Оларға қатысты учаскелік полицейлермен ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша хаттамалар толтырылды.
Ал ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы бойынша 1321 құқық бұзушы беймезгіл уақытта тұрғындар тыныштығын бұзған болса, жалпыға ортақ жерлерде алкогольдік ішімдік ішті деген негізбен 1349 дерек анықталды. Заңға бағынбаған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен шара қабылданды.
Бұдан бөлек, үш айлық есептік көрсеткіш бойынша қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзған 2287 тұлға учаскелік полиция инспекторларының назарына ілікті. Тазалық сақтамай, қоршаған ортаны ластауға жол берген азаматтарға ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабында көзделген ережелерге сәйкес айыппұл салынды.