Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да қару-жарақ жасырылған орын табылды

Солтүстікқазақстандық полицейлер жедел ақпаратты тексеру кезінде Петропавлда ҰҚК және ҚАЖ департаментімен бірлесіп қару-жарақ жасырылған орынды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласындағы Жұмысшы кентінің шетінде скотчпен оралған қара кенеп қапшық табылды. Ішінде аңшы шолақ мылтығы, болжам бойынша Байкал маркалы тапанша, белгісіз маркалы револьвер, РГД-5 гранатасының муляжі болды. Бұдан бөлек, тегіс ұңғылы және иір ойықты қарудың оқ-дәрілері болды: 7,62 мм 30 патрон, 16-шы калибрлі 53 патрон, 12-ші калибрлі 2 патрон, 5,6 мм 6 патрон, 9 мм 145 патрон.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қару мен оқ-дәрілер тәркіленіп алынды. Олар сот-баллистикалық сараптамасына жіберіліп, атуға жарымдылығы және қылмыс жасауға қатысы бар-жоғы тексеріледі. Сондай-ақ қару мен оқ-дәрілерді заңсыз пайдаланған тұлғаны анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Полицейлер ескерткендей, ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мерзімге айыппұл салудан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру