Ақтөбеде қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері сотталғандармен кездесті
Ақтөбеде қоғамдық бақылау комиссия мүшелері қоныс колониясын аралап, сотталғандармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысының қоғамдық бақылау комиссия мүшелері Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №9 мекемесіне келіп, жазасын өтеуші сотталғандардың ұсталу жағдайларымен танысты.
Мекемеге келген қоғамдық бақылау комиссия төрағасы Бақтұғұл Қанатов және қоғамдық бақылау комиссиясының мүшесі Самат Нұрбаев, сотталғандардың жатын орындарын және асхананы аралады. Сонымен қатар жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін ҚР ҚАК-нің 130-бабына және 131-бабына сәйкес тәртіптік изоляторда қамауда отырған сотталғандардың ұсталу жағдайларымен танысып, сотталғандарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
– Ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – мекемедегі жазасын өтеуші сотталғандардың құқықтары мен мүдделерінің заң тұрғысында қамтамасыз етілуі. Яғни, осы тұрғыда өңірдегі қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері мекемеге жиі келіп, жазасын өтеушілердің жағдайымен танысып, жеке- жеке әңгімелесулер өткізіп тұрады, – дейді №9 мекемесінің тәрбие бөлімінің бастығы Арман Панабек.