Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында 11 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Маңғыстау облысында жыл басынан бері бейнебақылау камералары арқылы 11 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел басқару орталығы ішкі істер органдарындағы алдыңғы қатарлы құрылым болып есептеледі. Қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау, тұрғындар тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камералары арқылы анықталған құқық бұзушылықтар мен қылмыстар бойынша жұмыстарды жедел басқару орталығының қызметкерлері жүзеге асырады.

2023 жылдың басынан бері үш ай көлемінде бейнебақылау камераларының көмегімен 11098 құқық бұзушылық және 72 қылмыс дерегі анықталды. Орын алған әкімшілік құқық бұзушылықтардың басым бөлігі – жол қозғалысы ережелерін бұзу.

Сонымен қатар, тәулік бойы жұмыс жасап тұрған “102” арнасына азаматтардан 59 239 телефон қоңырауы келіп түсті. Ал «азаматтардың хабарламаларын қабылдау процесінің омниканалдығы» бойынша тұрғындар мен қонақтардан 35 хабарлама келіп түсіп, полиция қызметкерлерімен тиісті шаралар қабылданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру