СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы үш айдағы жұмысын қорытындылады
СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жыл басынан бері атқарылған жұмыстарын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған басқарманың құзыретіне қорқытып алу, бұзақылық, қылмыстық топтар мен қауымдастықтардың қызметін болдырмау, адам саудасына қарсы күрес, ұйымдасқан қылмысты қаржыландыруға қарсы іс-қимыл кіреді. Бұл бөліністің жедел уәкілдері қылмысқа қарсы күрестің алдыңғы шебінде; қоғамның қауіпсіздігі олардың кәсібилігі мен табандылығына тікелей байланысты.
Жыл басынан бері СҚО ПД ҰҚҚКБ-мен бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстар қаралды. Мәселен, 2022 жылдың соңғы күндерінде Петропавл полициясына 18 жастағы қала тұрғыны жүгініп, белгісіз адамдар оған күш көрсетіп 40 мың теңге талап етіп жатқанын айтқан. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде облыс орталығының әр түрлі оқу орындарының 17 жастағы үш оқушысы ұсталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бұдан бөлек, келіп түсетін әр жедел ақпарат тұрақты негізде тексеріледі. Ақпан айының соңында Петропавл тұрғындарының бірінде тіркелмеген қарудың бар болуы туралы мәліметтерді тексеру кезінде Челябі – Новосібір тас жолында ішінде үш қала тұрғыны отырған ВАЗ-2115 автокөлігі тоқтатылды. Жүксалғыштан екі тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтық және төрт сібір елігінің еті табылды. Бұдан кейінгі іс-шаралар барысында Петропавлдағы саяжай учаскелерінің біріндегі үйден екі еліктің еті мен еліктің 41 терісі, 119 тұяқ, 12 басы тәркіленді. Аталған факті ҚР ҚК-нің 337-бабы (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінге тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Күдіктілер қамауға алынған.
Сондай-ақ жедел ақпаратты тексеру кезінде ҰҚК және ҚАЖ облыстық департаменттерінің қызметкерлерімен бірлесіп Жұмысшы кентінде тегіс ұңғылы және иір ойықты қаруға арналған оқ-дәрі мен қару-жарақ салынған орын табылды.
Ойын-сауық мекемелері, әсіресе келушілер мас күйінде келіп, жанжал шығарып, бұзақылық жасайтын мекемелер де бөлініс қызметкерлерінің назарында. Осылайша, Петропавлда қоғамдық орындарда мас күйе төбелес шығарып, күзет пен келушілерді жүйелі түрде қорқытып отыратын 22 жастағы жігіт ұсталды. Айта кету қажет, жас жігіт 18 жасынан бастап түрлі құқық бұзушылықтар үшін 8 рет жауапқа тартылды.
Полицейлер айтып өткендей, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күреспен қатар құрамында спирт бар және темекі өнімдерінің контрабандасы мен заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл да жедел уәкілдердің бақылауында. Көптеген қылмыс, ауыр зардаптармен аяқталатын жол-көлік апаттары мен жазатайым оқиғалар маскүнемдіктің салдарынан орын алады. Қаңтар айынан бастап СҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері жалпы сомасы 7,5 млн теңгеден асатын 2140 литрден астам алкоголь мен 5329 қорап темекі өнімін заңсыз айналымнан тәркілеп алды.
– Осылайша, солтүстікқазақстандық ҰҚҚКБ қызметкерлері қылмыстық схемаларды әшкерелеу мен күдіктілерді ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының тұтас кешенін жүргізді. Тергеу мүддесі үшін бүгін оларға қатысты ақпараттың тек аз бөлігі ғана жария етіледі. Нақты нәтижеге бағытталған күнделікті жұмыс жалғасып жатыр. Бұл дегеніміз – қылмыс жасау үшін жазадан бұлтартпау қағидатына қол жеткізу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, – дейді бөлініс бастығы Жандос Басыбаев.