Жетісу облысының полицейлері кісі өліміне қатысы бар екі күдіктіні ұстады
Жетісу облысының полицейлері кісі өліміне қатысы бар екі күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 сәуірде Сарқан қаласының маңындағы ауылдық жолдың жағасында бірнеше күн бойы хабар-ошарсыз жоғалғандар қатарындағы 58 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды. Сот сарапшылары ер адамның басына оқ атып өлтіргенін анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарқан ауданының полицейлері облыстық департаменттің жедел қызметкерлерімен бірлесіп 22-23 жас аралығындағы екі күдіктіні анықтады. Екеуі де ұсталды.
– Кісі өлтіру қылмыс тас жолда жасалғаны анықталды. Оған жәбірленушінің алдындағы ақшалай қарыз және оның мүлкін тартып алу түрткі болған. Жәбірленушіден 20-дан астам қой мен ешкі ұрланған, олардың бір бөлігін сатып жіберген. Қазір ұрланған мал табылып, жәбірленушінің туыстарына қайтарылды. Сондай-ақ ұсталғандардың бірінің бақшасында көмілген қос ауызды шолақ мылтық қылмыстық іс материалдарына тіркелді, – деді Жетісу облысы ПД КПБ бастығы Қайрат Журунов.
Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 99-бабына (Адам өлтіру) сәйкес жүргізіліп жатыр. Күдікті адамдар уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.