Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана полицейлері кеңседен ноутбук ұрлаған күдіктіні анықтады

Астана полицейлері бейнебақылау камераларының көмегімен кеңседен ноутбук ұрлаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ноутбукты кеңседен алып кеткен адамның жүрген жолын анықтау үшін көптеген қауіпсіздік камерасын қарау қажет болды. Жедел қызметкерлердің қажырлы еңбегі нәтиже берді.

Байқоңыр ауданының полиция қызметкерлері ер адамның түскі уақытта Уәлиханов көшесіндегі кеңсеге кіргенін анықтады. Дәлізде ол бос кабинетте үстелдің үстінде HP маркалы ноутбук жатқанын көрген. Көп ойланбастан қала тұрғыны компьютерді өзімен бірге алып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлыққа қатысы бар 33 жастағы қала тұрғыны анықталды. Полицейлер қаскүнемнің соңынан аңдып, ұрланған ноутбукты өткізген ломбардты анықтады.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұрын сотты болған күдікті мойындау көрсетпелерін берді. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру