Алматыда пәтер ұрлығымен айналысып жүрген азамат құрықталды
Алматыда пәтер ұрлығымен айналысып жүрген азамат құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдіктіні Ақбұлақ ықшамауданындағы жеке үйлердің бірінде жасалған ұрлықтан кейін полицияның арнайы жасағы ұстады.
– Бұл – Ақмола облысының 33 жастағы А.есімді тұрғыны. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті тек Алматы қаласы Алатау ауданындағы жеке секторда ұрлықпен айналысып жүрген. Сонымен қатар, оның қылмыстық іс-әрекетінің кеңейтілген географиясы да жоққа шығарылмайды. Ұсталған адамның жеке басы мәнді түрде тексерілетін болады. Қаскөйді бөтен адамдардың үйлеріндегі шағын цифрлық жабдықтар, мобильді құрылғылар мен гаджеттер қызықтырғаны белгілі болды. Тергеудің осы кезеңінде осындай алты эпизод анықталды. Аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс тіркелді, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.
Күдікті қамауға алынды. Заттай айғақтар тәркіленді.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, соттың заңды күшіне енген үкімімен оның қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі анықталғанға дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.