Маңғыстау облысында қылмыс саны азайды
Маңғыстау облысы ПД-да бірінші тоқсандағы атқарылған іс-шаралар қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы полиция департаментінде ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында атқарылған іс-шаралардың нәтижесін қарау бойынша жедел кеңес өткізілді.
Кеңеске департамент басшылығы, басқарма, бөлім бастықтары, аумақтық полиция бөліністерінің бастықтары қатысты. Полиция департаменті бастығы Аян Дуйсембаев кеңесті алғысөзбен ашып, қатысушыларды регламентпен таныстырып, күн тәртібіндегі мәселелерді атап өтті.
13 сәуір күні ҚР ІІМ кеңейтілген Алқа отырысы өткізілген болатын. Ішкі істер министрі талаптары мен жұмыстың негізгі басым бағыттарын атап өтіп, ол барлық жеке құрамға жария етілген болатын. Қабылданған алдын алу шараларының нәтижесінде жалпы Маңғыстау облысындағы жедел жағдай тұрақты. 2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қылмыстың 15,7%-ға төмендегені байқалады. Қылмыстың барлық дерлік түрлерінің ашылу деңгейі жақсарды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде барлығы 17 ұйымдасқан қылмыс анықталды. Заңсыз айналымнан 8 қару мен 65 бірлік оқ-дәрі, сондай-ақ ірі мөлшерде 58 келі 289 грамм есірткі заттары тәркіленді.
Есептік кезеңде барлығы 80 есірткі құқық бұзушылығы анықталды. Оның 20-сы қылмыс, теріс қылық саны – 60. Есірткіге қарсы іс-қимыл қызметкерлерімен заңсыз айналымнан 64 келі 930 грамм есірткі заты тәркіленді. Сондай-ақ қоғамдық орындарда және көшелерде, мас күйінде жасалатын қылмыстардың азаюына қол жеткізілді. Нәтижелерге сүйенсек, кәмелетке толмағандардың қылмыстары, топта жасалған қылмыстардың төмендеуі де көрініс табады.
Облысымызда үш айда 53 135 құқық бұзушылық анықталды. Құқық бұзушыларға барлығы 544 млн теңгеден астам айыппұл салынса, оның 76,7%-ы өндірілді.
Жыл басынан бері өңірде 48 жол-көлік оқиғасы тіркелген, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10 дерекке төмендеген. Полицейлер 233 мас жүргізушіні құрықтады, сот тәртібімен 251 жүргізуші көлікті басқару құқығынан айырылды.
ҚР ІІМ өткен кеңейтілген Алқа отырысының қорытындысы бойынша аумақтық бөліністердің қызметтеріне баға беріліп, алдағы құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені белгіленді. Облыстың бас полицейі департаменттің әрбір бөлініс, бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.