Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда ІІО-да есепте тұрған 442 адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді

Екібастұзда ІІО-да есепте тұрған 442 адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта оқу орындарында, қала кәсіпорындарында жол қозғалысы ережелерін және жолдағы қауіпсіздікті сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, сондай-ақ қоғамдық орындарда, қала көшелерінде құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Көңіл көтеру орындары ауданында және азаматтардың жаппай баратын басқа да орындарында, базарларда, сауда орындарында, вокзалдарда бопсалаумен, қалта ұрлығымен айналысатын адамдарды анықтау және жолын кесу бойынша патрульдеу ұйымдастырылды. Құрылыс объектілерін, оның ішінде қараусыз қалған және құрылысы тоқтаған ғимараттарды, сондай-ақ үй шатырлары мен жертөлелерді тексерді.

– Жол-көлік оқиғаларына жол берген құқық бұзушылықтар бойынша нақты мысалдары бар ақпарат жарияланады. ЖААІШ басталғаннан бері Екібастұз қаласының аумағында 170-тен астам бұзушылық тіркелді, олардың ішінде ұсақ бұзақылықтың саны – 34, спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде болу – 84, абаттандыру ережелерін бұзу – 31, тыныштықты бұзу – 14, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер жасау бойынша 9 дерек анықталды. ІІО-да есепте тұрған 442 адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Көші-қон қызметі бойынша шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзудың 13 дерегі анықталды. Жол қауіпсіздігі бойынша 151 құқық бұзушылық анықталды: оның ішінде көлік құралдарын құжаттарсыз басқару – 10, жаяу жүргіншіге артықшылық бермеу – 31, көлік құралдарын техникалық тексеруінсіз басқару – 10. Айыппұл тұрағына 9 автокөлік қойылды, – дейді Екібастұз қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру