Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

2 жыл бұрын көлік басқару құқығынан айырылған азамат мас күйде рөлге отырған

2 жыл бұрын көлік басқару құқығынан айырылған азамат мас күйде рөлге отырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Рейдтік жұмыстар барысында полиция қызметкерлері Қызылорда облысы Қармақшы ауданы көшелерінің бірінде жол жүрісі қағидаларын бұзған жеңіл көлікті тоқтатты. Құжаттарын тексеру барысында мас жүргізуші сот шешімімен 2021 жылғы 5 қазан күні 7 жылға автокөлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

52 жастағы жүргізушінің автокөлікті мас күйінде басқарғаны анықталды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалып, автокөлік айып алаңына қойылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру