Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды

Жамбыл облысында мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 сәуір күні сағат 15:30 шамасында Қаратау қаласы көшелерінің бірінде патрульдік полиция тобының инспекторлары жол қозғалысы ережесін бұзғаны Audi-80 маркалы автокөлігін тоқтатқан.

Жүргізушімен әңгімелесу барысында оның мас күйде екендігі байқалған.

Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша жүргізуші “орта” дәрежедегі масаң күйде болғаны расталды.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды.

Талас аудандық сотының қаулысы бойынша құқық бұзушы жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру