Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полицейлері бір күнде 139 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті

Павлодар полицейлері бір тәулік ішінде 139 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс орталығында полиция тұрғын үйлердің аулаларын үнемі тексеріп отырады, сондай-ақ қоғамдық орындарда құқықтық тәртіп пен жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылайды. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аумағында профилактикалық жұмысты күшейтті.

– Тексеру барысында пәтер мен ауланы аралау, құқық қорғау органдарының бақылауында есепте тұрған адамдарды тексеру жүзеге асырылды. Жалдамалы пәтерлер, жастар мен кәмелетке толмағандар, сондай-ақ үйсіз адамдар көп жиналатын орындар тексерілді. Полицияға жеткізу кезінде іздеуде болуы мүмкін телефондардың коды тексеріледі, – деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.

Нәтижесінде 2023 жылдың 3 айында облыс орталығында патрульдік полиция батальонының жеке құрамы 10 734 әкімшілік хаттама толтырды. Оның ішінде жол қауіпсіздігін бұзғаны үшін 9513 және қоғамдық қауіпсіздікті бұзғаны үшін 1221 хаттама толтырылды.Тек бір тәулік ішінде полицейлер 139 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның ішінде 113-і жол қауіпсіздігін бұзғаны үшін, 76-сы жылдамдықты асырғаны үшін. Жылдам жүруді ұнататын азаматтарға 1,2 млн теңгеге жуық айыппұл салынды.

Құқық бұзушылықтардан басқа, полицейлер үнемі жан-жағына жалтақтап қарай беретін 44 жастағы ер адамды тоқтатты. Тексеру барысында оның Алматы қаласында залалды өтеуден жалтарған борышкер немесе жауапкер ретінде іздеуде тұрғаны анықталды. Тағы бір жағдайда, 63 жастағы ер адам анықталды, ол із-түссіз жоғалған адам ретінде іздеуде болған.

Н.Назарбаев даңғылы бойындағы 89-үйдің жанында 36 жастағы ер адам тоқтатылды. Сырт келбетін тексерген кезде ол адамнан жиналмалы пышақ табылды. Барлық адамдар одан әрі анықтау жұмыстарын жүргізу үшін полиция бөлімдеріне тапсырылды.

Тәртіп сақшылары өңір тұрғындарына құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілік қарастырылғаны туралы еске салады. Егер зардап шеккен адам немесе құқық бұзушылықтың куәгері болған жағдайда, дереу 102 нөміріне хабарласыңыз немесе “Police 102” мобильді қосымшасын пайдаланыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру