Жезқазғанда сотталғанға поштамен есірткі жеткізбек болған күдікті анықталды
Жезқазғанда сотталғанға поштамен есірткі жеткізбек болған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №62 мекемесінің қызметкерлері мекеменің аумағына тыйым салынған затты өткізу фактісінің жолын кесті.
18 сәуірде мекеменің тексеру бөлмесінде 36 жастағы сотталғанға келген бандерольдан аяқкиім кремінің тұтқасына жасырын әдіспен тығылған, жасыл түсті, ерекші иісті екі бірлік зат табылған. Алдын ала дерек бойынша бұл есірткі заты болып шыққан.
Бандерольді жіберген Маңғыстау облысының тұрғыны екені анықталды. Аталған факті полицияда тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды.