Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда полицейлері ұрланған көлікті иесіне қайтарды

Қызылорда полицейлері “Автокөлік” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ұрланған көлікті иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

​Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері автокөліктерді, олардың қосалқы бөлшектері мен құралдарын ұрлау және айдап әкетудің алдын алу мақсатында “Автокөлік” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр.

Іс-шара барысында Қызылорда қалалық полиция басқармасының Ақсай полиция бөлімінің “102” арнасына 29 жастағы қала тұрғыны қоңырау шалып, көпқабатты үйдің ауласында тұрған Nexia автокөлігінің ұрланғаны жайлы хабарлаған. Келтірілген материалдық шығын 800 мың теңгені құрады. Дер кезінде барлық криминалды полиция бөлімінің қызметкерлеріне іздеуге салынған автокөлік бойынша бағыт-бағдар берілді. Жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті азамат көлікті өзінің үй ауласына жасырып қойғаны белгілі болды. Ұрланған автокөлік өз иесіне қайтарылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қала тұрғыны криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне алғыс білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру