Павлодар облысында алкоголь өнімін заңсыз өткізудің 33 фактісі анықталды
Павлодар облысында жыл басынан бері алкоголь өнімін заңсыз өткізудің 33 фактісі анықталды, – Polisia.kz.
Полицейлер құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, оның ішінде алкогольдік мас күйінде алкогольге қарсы заңнаманы бұзушылықтарды анықтау бойынша тұрақты негізде іс-шаралар жүргізеді.
– Жыл басынан бері құқықтық тәртіп сақшылары белгіленген уақытта алкогольді сатудың 44 фактісін, сондай-ақ алкоголь өнімін тиісті лицензиясыз өткізудің 33 фактісін анықтады. Иелері ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша жауапқа тартылды. Сонымен қатар полицейлер ішімдік ішудің 2049 фактісін анықтап, қоғамдық орында алкогольдік мас күйінде болған азаматтарды анықтады. Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Мұстафинов.
Мәселен, Павлодар қаласындағы Майра көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғындары кіреберісінде ішімдік ішетін адамдарға шағымданды. Полициясының учаскелік инспекторы 30 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Қалған үш ер адам Павлодар қаласының уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды. Өйткені медициналық куәландыру нәтижелері бойынша ауыр дәрежелі алкогольдік мас күйінде болды. Өз-өзіне келгеннен соң ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.