Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда болған ЖКО салдарынан екі бала зардап шекті

Көкшетауда болған ЖКО салдарынан екі бала зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 сәуір күні сағат 19:20-да «102» пультіне Сүлейменов көшесіндегі көпірде ЖКО болғандығы туралы хабарлама келіп түскен.

Көкшетау қаласының 43 жастағы тұрғыны – Toyota Camry-50 автокөлігінің жүргізушісі Сүлейменов көшесімен солтүстік бағытта жүріп келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, облыс орталығының 28 жастағы тұрғынының басқаруындағы Mazda-323 автокөлігімен соқтығысуға жол бергені алдын ала анықталды.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, Toyota Camry-50 автокөлігінің жүргізушісі «орта» дәрежелі мас күйде болған. Тексеру кезінде бұл азаматтың 2022 жылы көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

ЖКО нәтижесінде Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасына түрлі жарақаттармен Mazda-323 автокөлігінің жүргізушісі мен 2 және 4 жастағы екі кәмелетке толмаған жолаушысы жеткізілді. Автокөліктер арнайы айып тұрағына қамалды. Сараптама тағайындалды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 346-бабы 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Toyota Camry-50 автокөліктің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру