Қоғамдық көлікте өзгенің мүлкін ұрлаған алматылық бейнекамераға түсіп қалған
Бұрын істі болған Әуезов ауданының тұрғыны қалта ұрлығын жасады деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қалалық криминалдық полицияның арнайы тобының және Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен 29 жастағы Ф. есімді азамат ұсталды.
Ер адам 104-бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушысының қалтасынан IPhone маркалы телефонын ұрлады деген күдікке ілінді.
Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері азаматтың қала аумағында басқа да ықтимал қылмыстарды жасауға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Мобильді құрылғы тәркіленді.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.