Қызылордалық азамат ұрланған велосипедті сатып жіберген
Қызылордалық азамат ұрланған велосипедті сатып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміне 45 жастағы қала тұрғыны ұрлық дерегі бойынша арызданған. 20 сәуір күні күндізгі уақытта белгісіз азамат оның үйінің ауласында тұрған Горный велосипедін ұрлап кеткен.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде “ізін суытпай” 39 жастағы қала тұрғыны анықталды. Тексеру барысында оның ұрланған мүлікті сатып жібергендігі белгілі болды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Ұрланған велосипед өз иесіне қайтарылды.