Көлік басқару құқығынан айырылған Ақсу тұрғыны масаң күйде квадроцикл жүргізген
Өмір бойына көлік басқару құқығынан айырылған Ақсу тұрғыны масаң күйде квадроцикл жүргізген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сәуір айында Ақсу қаласының полицейлері Молдағұлова көшесіндегі үйге қарама-қарсы келе жатып, үлкен жылдамдықпен маневр жасаған квадроцикл жүргізушісіне назар аударды. Жол-көлік оқиғасын болдырмау үшін тәртіп сақшылары жүргізушіні тоқтатты. Әңгіме барысында жүргізушінің агрессивті мінез-құлқының себебі де анықталды. Айқын белгілерге сүйенсек, 35 жастағы жергілікті тұрғын мас болған, бұл сараптама нәтижелерімен расталды. Сондай-ақ 2022 жылдың наурыз айынан бастап өмір бойына көлік құралын жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.
– Жүргізушіге қатысты көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйде болған адамның көлік құралын жүргізгені үшін Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Квадроцикл айыппұл тұрағына қойылды, – деді Павлодар облысы Ақсу қаласы полиция бөлімінің бастығы Дәулет Молдабаев.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.
Жол-көлік оқиғасының алдын алу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Павлодар облысының полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларына жол жүру ережелерін сақтауды және алкогольдік немесе есірткілік мас күйде рөлге отырмауға кеңес береді.