Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«102» қосымшасы: Петропавлдықтар 64 жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтауға көмектесті

Петропавлдықтар «102» қосымшасын пайдалана отырып, 64 жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтауға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметтерін жақынырақ және қолжетімді ету – осы мақсатта қазақстандықтар үшін «102» мобильдік қосымшасы құрылған болатын. Бұл полициямен көп арналы байланыс орнатуға мүмкіндік береді: қоңыраудан басқа, құқық бұзушылықтар туралы мәтіндік немесе дауыстық хабарлама, фотосурет немесе бейнежазба түрінде хабарлауға мүмкіндік береді. Басты артықшылығы – тиімділік. Құқық бұзушылықтың куәгері болған адамдарға полиция нарядының келуін күтудің қажеті жоқ. Факт расталған жағдайда, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін қосымша арқылы фото және бейнетіркеу жеткілікті. Пайдаланушыға қабылданған шешім туралы хабарлау да қарастырылған.

Жыл басынан бері Петропавл тұрғындары «102» қосымшасын 73 рет пайдаланды. Қала тұрғындарының көпшілігін жол қозғалысы ережелерін бұзу алаңдатады, мұндай 64 хабарлама келіп түскен. Мамыр айының басында екі қала тұрғыны Абай көшесіндегі көгалдарға Volkswagen және Chevrolet автокөліктерін «тұрақтаған». Бірнеше күннен кейін екі Kia көлігі Брусиловский көшесінің ауласынан шығуға тосқауыл қойып қойған. Мұндай жағдайлар адамдардың наразылығын тудырады. «102» қосымшасының арқасында құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды.

Қолданбаның басқа да құнды мүмкіндіктері бар, мысалы, «SOS» батырмасы. Бұл полицияға өзінің орналасқан жерін білмей-ақ, дабыл жіберуге мүмкіндік береді: геолокация кезекші бөлімге нарядты қажетті мекенжайға жіберуге мүмкіндік береді. Қосымша азаматтарға барынша ыңғайлы болу және халықтың полициямен қарым-қатынасын адамдарға ыңғайлы кез келген форматта жақсарту үшін әзірленген. Бағдарламаны Android үшін Google Play және iOS үшін AppStore сайттарында жүктеуге болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру