Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада абаттандыру ережесін бұзған 103 адам жауапқа тартылды

Елорданың санитарлық жағдайын жақсарту, абаттандыру және рұқсат етілмеген үйінділерді қалыптастыру ережелерін бұзудың жолын кесу мақсатында 18 мамыр мен 24 мамыр аралығында “Таза қала” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдау көрсеткендей, негізінен құрылыс компаниялары табиғат  қорғау заңнамасын бұзып жатады.

Іс-шараның алғашқы күнінде 254 заң бұзушылық анықталып, оның ішінде ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша қала аумағын абаттандыру ережесін бұзғаны үшін 103 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды.


Жедел-профилактикалық іс-шара шеңберінде құрылыс ұйымдарының, ЖСК, ОСИ, мердігер ұйымдарының өкілдерімен іргелес және бекітілген аумақтарды тиісті санитарлық жағдайға келтіру, жол бөлігіндегі қоқыстарды кетіруді болдырмайтын шараларды қабылдау қажеттілігі туралы түсіндірме әңгімелері жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ “Эко полигон” аумағында құрылыс пен ірі көлемдегі қалдықтарды міндетті түрде шығару жұмыстары да атқарылды.

Бірыңғай ақпараттық қызмет 109 мекемесімен бірлесіп, белгіленбеген жерлерге қоқыс түсіріп жатқан тұлғаларды анықтау негізінде мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру