Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы шаралар күшейтілді

Астанада отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу күшейтілді. 3 мыңға жуық қорғау нұсқамасы шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу және зардап шеккендерді қорғау бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасуда. Жыл басынан бері полицейлер отбасында құқыққа қарсы әрекеттерге жол берген тұлғаларға қатысты шамамен 3 мыңға жуық қорғау нұсқамасын шығарды.

Мәселен, "102" арнасына елорда тұрғынынан оның жұбайы күш қолданып, үйде жанжал шығарғаны туралы хабарлама түскен. Бұған дейін аталған азаматқа қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған болатын.

Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кесіп, ер адамды полиция бөліміне жеткізді. 48 жастағы құқық бұзушы қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылып, уақытша ұстау бөлмесіне қамалды.

Полиция ескертеді: қорғау нұсқамасы – зардап шеккендерді қорғауға және зорлық-зомбылықтың қайталануына жол бермеуге бағытталған тиімді шара. Қауіп, агрессия немесе қысым жағдайында дер кезінде құқық қорғау органдарына жүгіну маңызды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру