Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО ПД басшылығы патрульдік полиция батальонының жеке құрамымен кездесті

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің басшылығы Петропавл қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО ПД бастығының орынбасары Сәуле Андағұлова және кадр саясаты басқармасының бастығы Әбілғазы Ғабдуллин күн сайын жол және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шебінде жүрген инспекторлармен кездесті. Жеке құрамға ел полицейлерінің тәртіпті сақтау жағдайы туралы ақпарат жеткізілді, құқық бұзушылық жасағаны үшін төнетін жауапкершілік түсіндірілді. Ішкі істер министрлігі мен полиция департаменті басшылығының талабы – тәртіп пен заңдылық. Оның қатаң сақталуына назар аударылды.

Патрульдік полицейлер барлық дабыл қоңырауларына бірінші болып келеді. Өрт кезінде, су айдындарында адамдардың өмірін сақтап қалғаны үшін берілген “Ерлігі үшін” мемлекеттік наградалары бар офицерлердің көпшілігі патрульдік полиция қатарында қызмет етеді. Батальон қызметкерлері күн сайын әртүрлі жастағы және әлеуметтік мәртебедегі адамдармен тығыз жұмыс жасайды; көшелердегі қоғамдық тәртіпті сақтау және автопатрульдер құрамында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысады. Полицияның жалпы имиджі – олардың адал қызметі мен тәртібіне тікелей байланысты.

Бұған дейін тәртіпті бұзу фактілерінің алдын алу және қызметкерлер тарапынан құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті түсіндіру бойынша осындай кездесуді Сәуле Андағұлова Петропавл қаласы полиция басқармасының жеке құрамымен өткізген болатын.

Солтүстік Қазақстан облысының полициясы еске салады:

Полиция қызметкерлері тарапынан құқыққа қайшы әрекеттердің немесе қызметтік міндеттерін тиісінше орындамаудың барлық фактілері бойынша облыс тұрғындары мен қонақтары СҚО ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының 8 (7152) 61-26-89; +7-700-161-26-89 (WhatsApp) сенім телефондарына немесе оқиға болған күнді, орынды және жағдайларды көрсете отырып, 102 арнасына тікелей жүгіне алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру