Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейлік тұрғын мобильді қосымшаның көмегімен танысының 1 млн теңгеге жуық қаражатын жымқырған

Мамыр айының басында Семей қаласы ПБ “102” жедел арнасына қаланың 48 жастағы тұрғыны хабарласып, бейтаныс әйелдің оның қаражатын заңсыз иемденгені туралы арызданған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері істің мәнісін анықтау үшін 40 жастағы қала тұрғынын жеткізді. Жауап алу барысында күдікті әйел өз кінәсін мойындап, қаражатты қайтарған.

Күдікті қонақүйлердің бірінде банктің мобильді қосымшасын пайдалану арқылы, жәбірленушінің бөлмеде жоқтығын пайдаланып, өз шотына танысының 932 мың теңге аударғаны анықталды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру