Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында өңіраралық «курьердің» қызметі тоқтатылды

Арнайы операцияны жүргізу нәтижесінде Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің әріптестерімен бірлесіп есірткі қылмысына қатысы бар Қызылорда қаласының 28 жастағы тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адам синтетикалық есірткі сататын заңсыз интернет-дүкен курьерінің қызметімен айналысқан деген күдікке ілінген.

– Автокөліктің салонында тінту іс-шараларын жүргізу кезінде құқықтық тәртіп сақшылары жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша жалпы салмағы шамамен 1 келі синтетикалық шыққан есірткі және жалпы салмағы 0,5 грамм гашиш болып табылатын ақ зат салынған пакетті тапты, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Арсен Айғазин.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Күдікті қамауға алынды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам оның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәлі емес деп есептеледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру