СҚО полицейлері ҚР чемпионатында көпсайыстан жүлделі орындарға ие болды
СҚО полицейлері ҚР чемпионатында көпсайыстан жүлделі орындарға ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы полицейлерінің қоржынында кезекті жетістік. Облыстық полиция департаменті аппаратының қызметкерлері жазғы көпсайыстан ҚР чемпионатынан жүлдемен оралды. Жарыс 26-30 мамыр аралығында Қостанай облысы Лисаков қаласында өтті. Полиция қызметкерлері Татьяна Долбышева мен Дмитрий Шварц 24 пен 34 жас аралығындағы санатта өнер көрсетті. Көпсайыс бағдарламасына 5 спорт түрі кірді: жүзу, 100 м спринт, граната лақтыру, ату және 2 км қашықтыққа жүгіру. Жинақылық пен нәтижеге назар аудару өз жемісін берді. Ұпай саны бойынша СҚО ПД қызметкерлері ерлер мен әйелдер арасында екінші орын алып, күміс жүлдегерлер атанды.
– Спортпен шұғылдану полиция қызметкерлеріне қылмыспен тиімді күресу, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту үшін қажетті дене шынықтыруды сақтауға көмектеседі. Мақсаттылық пен төзімділік, күш пен ептілік, өз мүмкіндіктерін сауатты бағалай білу — полиция жұмысында да қажет. Департамент басшылығы қызметкерлердің жоғары спорттық жетістіктерін құптайды: олар салауатты өмір салты идеяларын ілгерілетуге қызмет етеді және полиция қызметкерлерін одан әрі өзін-өзі дамытуға ынталандырады, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Сәуле Андағұлова.