Ішкі істер министрі БҰҰ даму бағдарламасы кеңсесінің басшысымен кездесті
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов БҰҰ даму бағдарламасы кеңсесінің басшысы Катаржина Вавьерниямен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесуге қатысушылар Қазақстанның ішкі істер органдарын жаңғырту саласындағы ынтымақтастықтың басым мәселелерін, сондай-ақ бірлескен жобалар шеңберінде оларды одан әрі дамыту перспективаларын қарастырды.
Кездесу барысында қазақстандық тарап отандық полицияның трансформациясы, проблемалық-бағдарланған тәсіл мен сервистік элементтерді енгізу, сондай-ақ Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз ету тұжырымдамасының жобасын әзірлеу және оның негізгі ережелері туралы хабардар етті.
Кездесу өзара түсіністік пен сындарлы диалог атмосферасында өтті.