Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер республикалық көркемөнерпаздар байқауының жеңімпазы атанды

Елордалық полицейлер республикалық көркемөнерпаздар байқауының жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордалық полицейлер Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында өткен «Міндет. Абырой. Ерлік» атты республикалық көркемөнерпаздар байқауында Гран-при жеңіп алды. Тәртіп сақшылары сахнада өз таланттарын үнемі көрсетіп, көрермендердің шынайы қызығушылығын тудырады. Бұл жолы сахнада үздіктердің үздігі – осы жылдың мамыр айының басында әр департаменттің жанында өткен қалалық аймақтық байқаудың жеңімпаздары өнер көрсетті.

Бұл байқау қызметкерлер арасында шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ полицейлерді патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған. Көркемөнерпаздар байқауының негізгі тақырыбы Қазақстан халқының бірлігі, Отанға деген сүйіспеншілік, отбасылық дәстүрлер мен құндылықтар болды.

Тәртіп сақшылары өздерінің таланттарын, вокалдық және шығармашылық мүмкіндіктерін толық көрсетті. Әр команда өзінің қайталанбас, өзіндік ерекшелігімен және шексіз қиялымен таң қалдырды. Көрермендер залында мерекелік атмосфера орнады. Команда қатысушыларының әріптестері мен басшылары қатысушыларды қошеметпен қолдады.

Астана қаласы полиция департаменті қызметкерлерінің «Елорда» вокалдық тобы «Отаным» әнін орындады.

Оның құрамына кадр саясаты басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әсел Кузбакова, анықтау басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушысы Мейрман Баядилов, жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторы Әсемгүл Жиенғалиева, Алматы ауданы ПБ полиция бөлімінің аға анықтаушысы Назгүл Шолтаева, жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы Серік Бауыржан және кинологиялық қызмет орталығының кіші инспектор-кинологы Мақсат Тауасар. Ұжымның көркем жетекшісі Қазақстан Республикасының мәдениет үздігі – Ғалия Садымова.

Ендігі кезекте погон киген әншілер Қазақстан полициясы күніне орай маусым айында өтетін концертте өнер көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру