Түркістан облысының полицейлері нашақорлықтың алдын алу тақырыбында іс-шара өткізді
Түркістан облысының полицейлері нашақорлықтың алдын алу тақырыбында іс-шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы мен Сауран аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудан әкімдігімен бірлесіп, Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ауқымды іс-шара өткізді.
Жиынға Сауран аудандық полиция бөлімінің бастығы мен аудан әкімінің орынбасары, басқа да 100-ге тарта тиісті сала мамандары мен жастар қатысты.
Жиналыс кезінде Сауран аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары есірткі заттарының адам денсаулығына зияны туралы баяндама жасады. Оның ішінде синтетикалық есірткінің зардабы, олардың заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік қарастырылғаны ескертілді.
Одан әрі Сауран ауданы әкімдігі мәдениет бөлімінің «Сымбат би» шығармашылық ұжымымен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу тақырыбына арналған концерттік қойылымы өтті.
Іс-шара соңында тәртіп сақшылары тұрғындарды тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, барлығын салауатты өмір салтын ұстануға және адамгершілік құндылықтарды нығайтуға шақырды.