Биыл Атырау облысында 80 шетелдік азамат елден шығарылды
Атырауда жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзған 3,5 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды. 80 шетелдік азамат елден шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс көлемінде көші-қон саласының қызметкерлері тарапынан жедел жағдайды, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және заңсыз келуді, тұруды, көші-қон саласы бойынша қылмыстарды, заңсыз көшіп-қонушылардың арналарын анықтап, жолын кесу мақсатында рейдтік тексерістер тұрақты түрде ұйымдастырылады. Жыл басынан бері облыс бойынша 18985 шетелдік уақытша тұруға рұқсат алды, оның ішінде алыс шетелден келген – 2676, ТМД елдерінен келген шетелдіктердің саны – 16309. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 3555 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 80 шетелдік еліміздің аумағынан тысқары шығарылды.
Осы жылдың есепті мерзімінде ҚР ҚК-нің 392-бабы, 395-бабы, 394-бабы бойынша 6 дерек тіркеліп, қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Есепті мерзімде облысқа келген шетелдіктер тарапынан 5 қылмыс жасалды, шетелдіктерге қатысты 21 қылмыс жасалды. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын 5117 шетелдік есепте тұрса, барлығы 215 шетелдік есепке қойылды. Қазақстан Республикасының азаматтығына жеңілдетілген тәртіппен 200 тұлға қабылданды.
Сонымен қатар мемлекеттік қызмет алушылардың, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың қызмет алу кезінде күтудің жайлы жағдайлары қамтамасыз етіліп, қажетті құжаттардың өзекті нысандары ақпараттық стенділерде орналастырылған. Жыл басынан бері көші-қон қызметі бөліністерімен мемлекеттік қызмет көрсетудің 12 түрі бойынша 84 528 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Жалпы облыста көші-қон ахуалы тұрақты. Көші-қон мәселелері бойынша облыстың атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірлескен іс-шаралары жүргізіліп, тұрақты бақылауға алынған.