Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүздеген петропавлдық есірткіге қарсы жарысқа шықты

Петропавлда 400-ден астам адам – жас спортшылар мен белсенді қала тұрғындарынан бастап тәжірибелі марафоншыларға дейін нашақорлыққа наразылық білдіру және отандастарын салауатты өмір салтына шақыру үшін қала көшелерімен жүгірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараны СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық әкімдікпен және Петропавл қаласы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Жүргізуші полицейлерге есірткіге қарсы күресте белсенді жәрдемдесетін қоғам қайраткері, облыстық мәслихат депутаты Зәкіржан Мамлютов болды.

Кәсіби фитнес-нұсқаушы өткізген қыздыру жаттығуларынан кейін жарысқа қатысушылар С. Мұқанов атындағы облыстық кітапханада стартқа шықты. «Есірткісіз Петропавл» туы астында қатысушылар қаланың орталық көшелерімен 2 км 200 м қашықтықты еңсерді.

Мәре сызығында қатысушыларды сертификаттар мен медальдар күтіп тұрды. Марапаттардың бірі ең жас «спортшы» Имранға бұйырды, ол өзінің 11 айында анасының қолында қашықтықты «еңсерген». Ұйымдастырушылар ұсынған «Біз есірткіге қарсымыз» логотипі бар ауыз сумен қатысушылар шөлдерін қандыра алды.

– Жеңіл атлетика жарысы 26 маусымда аталып өтілетін Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне дайындық айлығы аясында ұйымдастырылды. Салауатты өмір салты ойларын қолдайтын барлық азаматтарға алғыс айтамыз. Біздің мақсатымыз – барлығына, әсіресе жас ұрпаққа, есірткісіз өмір қуаныш пен жарқын әсерге толы деген ойды жеткізу. Айлық аясында басқа да іс-шаралар өткізілетін болады, – деп СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру