Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда есірткіні жасырын қойып кетумен айналысқан күдікті ұсталды

Атырауда есірткіні жасырын қойып кетумен айналысқан күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында, қала аумағындағы тұрғын үйдің бірінен синтетикалық есірткіні аса ірі мөлшерде жасырып тығу әдісі арқылы таратумен айналысты деген күдікпен 30 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Сонымен қатар тергеу барысында күдіктіден ақ түсті ұнтақ заты бар 3 пакет, түрлі түсті орама, зергерлік электронды таразылар, ұнтақ заты бар екі ыдыс, ақ түсті ұнтақ заты бар зип-пакеттер, сондай-ақ бос 50 зип-пакеттер және күдіктіге тиесілі жабыстырғыш пен Telegran мессенджеріне жасырып қойып кету туралы жазылған хаттары бар телефон тәркіленіп, қылмыстық іс тіркелді. Сараптама қорытындысымен алынған заттардың салмағы 173,9 грамм екені анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге акпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Қазакстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмыска кінәлі емес деп есептеледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру