Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысындағы әйелдер колониясында ашық есік күні өтті

Бүгін сотталғандардың туыстары үшін ашық есік күні Жарма ауданының Шуақ кентінде орналасқан әйелдер колониясында өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Мұндай іс шараларды өткізу – тәрбие жұмысының құрамдас бөліктерінің бірі және әлеуметтік пайдалы байланыстарды нығайтуға және сотталғандардың оң көзқарасын қалыптастыруға бағытталған. Жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін туыстары мен жақындарын көру, олармен араласу, күнделікті және сұр өмірден бір екі сағатқа алшақтау мүмкіндігі, ең жақсы ынталандыру түрі болуы әбден мүмкін.
Осы жылы бұл іс-шараосымен екінші мәрте өтіп жатыр. Алайда, бұл жолы балалардың жазғы демалысының басталуымен сәйкес келетіндіктен бұл іс-шараның форматы балаларға арналды.

Мекеме әкімшілігі өз қамқоршыларымен бірге оны өте қызықты және бейресми жағдайда өткізуге шешім қабылдады.


Аталған іс-шара сотталғандардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайымен танысу мүмкіндігі ғана емес, бұл медициналық бөлімді, асхананы, жатын орындарды көру мүмкіндігі, яғни жақындарының қандай жағдайда өмір сүретінін, жұмыс істейтінін, қайда емделетінін және сотталғандардың бос уақытын қалай өткізетінін көре алады.

 

– Бүгін біз ашық есік күнін өткізіп, сотталғандардың балалары мен туыстарына “Толағай отбасы” спорттық іс-шарасын дайындадық. Мұндай іс-шараны біз отбасылық құндылықтарды насихаттау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ойластырдық. Отбасылық жарыс боулинг, асфальтқа сурет салу, самокат тебу, теннис ракеткасы, “Мен және менің анам” атаулы жарыс кезендерінен тұрды. Мекеменің психологтары психологиялық тренинг өткізді. Отбасы, оның қолдауы бас бостандығынан айыру орындарында жүрген адамдар үшін өте маңызды. Көптеген сотталғандар мұны үйден тыс жерде түсіне бастайды. Осындай кездесу кезінде жақындары сотталғандарды қолдап, оларды үйде күтіп отырғандарына сезінуге мүмкіндік береді, – деп түсіндірді мекеме бастығының орынбасары Анара Сабиева. 


– Ұлымды көріп, маңдайыннан сүюге мумкіндік болғанына бақыттымын. Осында отырғалы бұл біздің екінші кездесуіміз. Мен сотталғанда балам небәрі бір жасындағана болды, ал казір оның жасы бесте. Менын баламды қарап тәрбиелеп отырған Альмира қамқоршыма да алғысым шексіз. Мен ұлымның алдында кінәлімін, – деп өзі туралы сотталған Қарлығаш әңгімеледі.

Жазасын өте жатқан Қарлығаш аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. Ол өзімен бірге жұмыс істеген азаматты өлтірген. Алайда, сот кінәсін жеңілдететін жағдайларды ескере отырып, сотталғаннын кінәсін мойындағаны үшін, сондай-ақ бұрын-соңды істі болмағаны үшін, кәмілеттік жасқа толмаған баласы бар екенідігін ескере отырып, 8 жылға бас бостандығыннан айырылған.

– Мен осында Оксана есімді қызыма келдім. Ол үшін қатты уайымдадым. Оның жасы 19-да, әлі жас. Бірақ бұл жерде жағдайы жақсы, қызым аман-есен екеніне көзім жетіп жеңілдеп қалдым. Енді алдағы уақытта мерзімінен бұрын шартты түрде босатылады деп үміттенеміз, – деді сотталғаннын әкесі.

Сотталған Оксана есірткі заттарын Telegram канал ақылы таратқаны және өткізгені үшін бас бостандығынан айырылған. Сот оның кінәсін жеңілдететін жағдайларды ескеріп: оның кінәсін мойындағаны үшін, алғаш рет жауапкершілікке тартылғаны үшін жеті жылға жазасын өтеу мерзімін белгіледі. Оның өтеу мерзімі енді ғана басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру