Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында болған жол-көлік оқиғасының салдарынан 3 адам зардап шекті

Ақмола облысында болған жол-көлік оқиғасының салдарынан 3 адам зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 шілде күні сағат 23:00-де Бұланды ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Алакөл ауылының маңында ЖКО болғандығы туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Астана – Петропавл автожолының 146-шақырымында Toyota Camry автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі алда келе жатқан 37 жастағы әйел басқарған Toyota Fortuner автокөлігімен соқтығысуға жол бергені анықталды.

Апат салдарынан Ақкөл қаласының аудандық ауруханасына Toyota Fortuner жүргізушісі, 81 және 6 жастағы жолаушылары жеткізілді. Ересектердің екеуінде де ЖБМЖ диагнозы қойылды, 6 жасар баланың миына зақым келген. Осы дерек бойынша сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру