Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері «Рөлде ұйықтау» республикалық акциясын өткізіп жатыр

СҚО-да полицейлер мен дәрігерлер жүргізушілерге көлік тізгінінде ұйықтап кетудің алдын алу туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жазда қала маңындағы жолдардағы көліктердің саны бірнеше есе артады. Ауыр жүктер мен автобустардан басқа, жеңіл автомобильдердің транзиттік ағыны артып келеді: адамдар демалысқа барады; ауылдарға және курорттық аймақтарға жол жүреді. Осыған байланысты жол-көлік оқиғаларының қаупі артады. Жылдамдық режимін бұзу, көлікті басқарып келе жатып телефонды пайдалану, сондай-ақ рөлде ұйықтап кету – жол қозғалысының барлық қатысушыларының қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін ең қауіпті әрекеттердің бірі.

Тәуекелдерді азайту және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жаз бойы Солтүстік Қазақстан полицейлері «Рөлде ұйықтау» республикалық акциясы аясында жұмыс істеуде. Жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге тәртіп сақшылары жүргізушілердің өздерін қалай сезінетінін білу үшін транзиттік көліктерді тәулік бойы тексереді. Жүргізушілер погон таққан адамдардың бастамасына түсіністікпен қарайды. Жүргізушілерге қозғалыс кезінде ұйықтамау туралы тиімді шаралар туралы ескертіледі.

СҚО ПД патрульдік полиция батальонының командирі Валихан Оразалинның айтуынша, ең тиімді ұсыныс: қандай жағдай болмасын – жолдан, демалыс орнына барып, 15-20 минут демалу қажет. Айта кетерлік жайт, жолаушыларға да жүргізушілердің жағдайына мұқият назар аударған жөн. Егер алдыңғы орындықта отырған жолаушы ұйықтап жатса, бұл көлік жүргізетін адамның жағдайына да жанама әсер етеді. Қайғылы салдардың алдын алу үшін ұйықтап жатқан жолаушылар көліктің артқы орнына ауысуы ұсынылады.

Жүргізушілер үшін олардың жағдайын өз бетінше бақылай білу, болжау, талдау, қарастыру және жою немесе әртүрлі жағымсыз жайттардан аулақ болу маңызды. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 127 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 17 адам қаза тауып, 179 адам жарақат алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру