Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да демалыс күндері мас жүргізушілер ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында демалыс күндері 800-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол жүрісі қағидаларын сақтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді. Өткен демалыс күндері қала мен облыстың 800-ге жуық тұрғыны құқық бұзушылыққа жол беріп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 160-тан астам жаяу жүргінші ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы 1-бөлігімен, 143 адам көлікте қауіпсіздік белдігін пайдану қағидаларын сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігімен, 78 жүргізуші көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы бойынша, автокөлікті масаң күйде басқарған 7 жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша, 3 адам жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігімен жазаланды.

Мәселен, 15 шілдеде Гавани аймағын патрульдеу кезінде алкогольдің өткір иісі шыққан 27 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Mercedes автокөлігі тоқтатылды. Куәландыру көрсеткендей, жүргізуші «жеңіл дәрежедегі» масаң күйде болған. Тағы бір 38 жастағы жүргізуші «орташа дәрежедегі» масаң күйде Красина кентін патрульдеу барысында анықталды. Ол 17 шілдеде сағат 03:45 шамасында өз жұмыстарымен жолға шыққан.

Екі жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Олардың бұл ісі 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді. Полиция департаменті жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға және бұзушылықтарды болдырмауға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру