Ақмола облысының тұрғыны заңсыз ағаш кесті деген күдікке ілінді
Ақмола облысының тұрғыны заңсыз ағаш кесті деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 шілдеде Сандықтау ауданының полиция бөлімі «Маралды ОШМ» КММ директорының 37 м3 көлемінде қарағай ағаштарын заңсыз кесу және ұрлау фактісі туралы өтініші келіп түсті. Залал сомасы 255 мың теңгені құрады.
Полиция бөлімі бұл фактіні ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) және ҚР ҚК-нің 340-бабының 2-бөлігі (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеді.
Маралды орманшылығының аумағында жалпы көлемі 37 м3 қарағай тұқымының жаңадан кесілген ағаш діңінен 129 діңгек табылғаны алдын ала анықталды. Тергеу-жедел іс-шаралар барысында полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол 23 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам ағаштарды кесіп, оларды тіркемесі бар трактормен үйінің жанындағы аумаққа жеткізген. Шынжырлы ара, екі тіркемесі бар трактор және кесілген ағаш діңдері тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.